Жаратылыстану пәндері бірлестігінің 2021-2022 оқу жылының
І жартыжылдықта
атқарылған жұмыстар
Есебі
Мектептің тақырыбы: Білімнің тиімді технологияларын қолдану арқылы нәтижеге бағытталған оқыту негізінде білім сапасын арттыру.
Мектептің мақсаты: Білім берудің жаңа технологияларын оқу үрдісіне енгізу және мұғалімдердің кәсіби өсуін қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті,шығармашыл,білімді тұлғаны қалыптастыру және дамыту.
Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің проблемасы: Пәнді жеке тұлғаға бағытталған оқыту жүйесін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Мақсаты:
Шығармашылық жұмыспен айналысуға жағдай туғыза отырып, пән мұғалімдерінің сабақ өткізуде кездесетін қиындықтарын практика жүзінде шешу.
Педагог тұлғасындағы тәрбиелі-білімді аша түсу.
Міндеті:
Мемлекеттік стандарттың орындалуын бақылау;
Пәндік материал бойынша берілетін білім сапасын арттыру;
Пән мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін шыңдау;
Технологияларды қолдану бағытын бақылау;
Пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсатында , әдістемелік іс-тәжірибе алмасып отыру;
Тамыз айында жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің 2021-2022 оқу жылында жұмыс жоспары бекітілді. Осы оқу жылында алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жолында І жарты жылдықта сан түрлі жұмыстар атқарылды.
Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігі 2021-2022 оқу жылындағы құрамы:
Әдістемелік бірлестіктің мүшелер саны: 13 мұғалім
Оның ішінде:
Педагог-зерттеуші:
Қайсархан Г, Какина Н.Ж, Бөксенова А.Ғ
Педагог-сарапшы: Отарбаев Ш.Ж, Нүркеева З.С, Абдыманбекова.Г.А, Шакирова Б.М, Калиева А.Қ.
Бірлестік құрамына 2 жас маман қосылды: физика пәнінің мұғалімі Шарлез Ақмарал және география пәнінің мұғалімі Калибекова Сымбат. Бірлестіктегі барлық мұғалімдердің жұмыстары жоғары деңгейде өтті.
2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Какина Назгүл Жұмаханқызы биология пәнінің мұғалімі
Калиева Айгүл Қайыргелдіқызы физика пәнінің мұғалімі
Баяндама
26-27-ші қараша аралығында Халықаралық Тараз инновациялық институтында ағартушы, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай « Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық әлемі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасағаны үшін физика пәнінің мұғалімі Калиева А.Қ І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Біліктілікті арттыру курстары
Какина Назгүл Жұмаханқызы биология пәнінің мұғалімі
Абдыманбекова Гүлбану Адамбекқызы биология пәнінің мұғалімі
Какина Назгүл Жұмаханқызы биология пәнінің мұғалімі
Калиева Айгүл Қайыргелдіқызы физика пәнінің мұғалімі
Абдыманбекова Гүлбану Адамбекқызы биология пәнінің мұғалімі 02.09.2022 ж «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» тақырыбында біліктілігін арттыру курсынан өтті.
Какина Назгүл Жұмаханқызы биология пәнінің мұғалімі
Калиева Айгүл Қайыргелдіқызы физика пәнінің мұғалімі
Абдыманбекова Гүлбану Адамбекқызы биология пәнінің мұғалімі
24.12.2021 ж «Юнисеф» балалар қорының ұйымдастыруымен өткен «Инклюзивты аралас оқу» тақырыбында біліктілігін арттыру курсынан өтті.
Алғыс хат
Қайсархан Гүлжазира биология пәнінің мұғалімі
Калиева Айгүл Қайыргелдіқызы физика пәнінің мұғалімі
Отарбаев Шәмшиден Жұмекенұлы химия пәнінің мұғалімі
Оқушылар жетістігі
5-6 сынып оқушылары арасындағы пәндік аудандық олимпиадасы
І орын жаратылыстану пәнінен 6 Б сынып оқушысы Жұматай Аяулым жетекшісі: Какина Назгүл Жұмаханқызы.
ІІ орын жаратылыстану пәнінен 5 В сынып оқушысы Серікпай Аяулым жетекшісі: Амантай Лайла
Бірлестіктің барлық ұстазадары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы өткізген оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша 8 академиялық сағат көлеміндегі каникулдық мектепке қатысып, сертификаттармен марапатталды.
Зертханалық жұмыс пен сарамандық жұмыс дәптерлері тексерілді. Дәптерлер білім стандартына сай жүргізілген, барлық оқушыларда бар.Сонымен қатар, тоқсан соңында мектепішілік әкімшілік бақылау алынып, нәтижесі тапсырылды. Биылғы оқу жылы жаратылыстану бірлестігінің жұмыстары жоспарға сай басталды. Жоспарға сай әдістемелік отырыстар өткізіліп, білім стандартына сай сабақтар өткізілуде. Жас мамандар жоспарға сай жұмыс атқаруда. Тәлімгер мен жас маман жұмысының жоспары құрылып, сол жоспарға сай жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар 23 қазан күні 8-11 сыныптар арасында жаратылыстану пәндерінен мектепішілік олимпиада өтті. Олимпиадаға 32 оқушы қатысты. Олимпиада тапсырмалары 2 турға бөлінді. Биология пәнінен тапсырмалар жасуша биологиясынан 10 сұрақ және жануарлар анатомиясы мен физиологиясынан 10 сұрақ түрінде берілді. Химия және география пәндерінен тапсырмалар 2 кезеңге бөлінді: теориялық және практикалық . Олимпиада нәтижесі бойынша аудандық олимпиадаға география пәнінен 11 А сынып оқушысы Кусайынова Айнұр, биология пәнінен 10 А сынып оқушысы Сақтағанова Асем және 9 В сынып оқушысы Амирхан Жасұлан жолдама алды.