"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

9 "Б" сынып оқушыларымен "Бала - жүрек жылуы" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

08.02.2022

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9 "Б" сынып оқушыларымен "Бала - жүрек жылуы" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақ мақсаты:  бақытты балалық шақ өкілдері - балалардың адам өмірінде алар орны; балалар әлемі арқылы мейірімділік пен қайырымдылыққа жол ашуға болатынын,  бала - бейбітшілік елшісі екенін жеткізу. Сабақ барысында дәйексөзбен басталды  бала тәрбиесі; әлем елдеріндегі балалардың жағдайы, нақыл сөздер мен мақал- мәтел мағыналарын ашып өз ойларын ортаға салды.  Балалар сабақ барысында Шығармашылық тапсырмасымен айналысты. Жүректен жүрекке бөлімінде жылы лебіздерін біллірді. Сонымен қатар, ”Кім және не мейірімді?” ойыны арқылы мейірімділік кестесін толтырды. Барлық бала белсене қатысты. Бүгінгі «Бала жылы жүрек» сынып сағатында, өздері мейірімді, ақылды, өмірге, білімге құштар оқушылармен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын. Бала - бақыт. Бала - махаббат. Бала - мейірім.

Просмотров: 460


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст