"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Абайтану" IV Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы

28.01.2022

Қаңтардың 27-сі күні Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 9-11-сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен "Абайтану" IV Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді. Олимпиаданың бірінші кезеңінде қатысушылар А.Құнанбаев шығармашылығы бойынша эссе жазса, екінші турында "Абай жолы" роман- эпопеясы мазмұны бойынша түрлі тапсырмалар орындады. Целиноград ауданы атынан Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 "А" сынып оқушысы Ибрагимов Бауыржан қатысып, 1-орынды жеңіп алды. Бауыржан алдағы уақытта республикалық олимпиадаға облыс атынан қатысады. Дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байсеркеева Жансая Төлеуханқызы. Бауыржанға республикалық сайыста сәттілік тілейміз!

Просмотров: 671


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст