"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

11.01.2022ж Талапкер ауылының ЖОББМ ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдауы тыңдалды

12.01.2022

11.01.2022ж президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Парламентінің кеңейтілген отырысы өтті. Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектеп ұжымы  президент отырысының тікелей эфирин тыңдады. Жиын барысында мемлекет басшысының ұсынысымен Әлихан Асқанұлы Смайылов еліміздің премьер-министр болып тағайындалды. 
Жаңа тағайындалған үкіметке Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі тұрғындардың мүддесі үшін жүйелі жұмыс істеуді тапсырды. Мемлекет басшысының батыл шешімдері елімізді қиын уақыттардан аман алып шықты. Президенттің бұл тағайындауы еліміздің тұрақты дамуына оң серпін береді деп сенеміз. 
Еліміздің басты байлығы Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Біз – білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келеміз. Еліміздің әрбір азаматы мемлекет басшысының шешімдерін қолдай отыра, еліміздің гүлденуі мен әрі қарай дамуына үлесін қосуы керек. Ел басына түскен сынақтардан қазаққа тән қайсар мінезбен тайсалмай өтетінімізге сенеміз. Тәуелсіздігіміз баянды болсын десек ел тыныштығын сақтауға өз үлесімізді қосып, ауызбіршілікте болайық.

Просмотров: 1081


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст