"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

21.12.2021

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қазақ халқының президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлүмат беру.

Кітапханада 3-5-6 сынып оқушыларына «Назарбаевтай болғым келеді» кітабы таныстырылады. Кітаптың тәрбиелік  маңызы жоғары.

Жас оқырмандарды халқын сүюге, патриотшыл болуға, еңбек сүйгіштікке, мейірімділікке, төзімділікке баулиды.

Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан Республикасының негізін қалаған тұғырлы тұлға.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті туралы - кітап бұл бір тұлғаның өмір тарихы, сонымен қатар бұл - біздің еліміздің де тарихы, бүгінге дейін жүріп өткен жолымыз туралы әңгіме.

Бұл кітап, әрине,    біздің еліміз туралы ,біз өмір сүріп отырған қоғам туралы білімді игеру барысында сіздерге жақсы бағдар бола алады.

 

Просмотров: 535


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст