"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Рухани жаңғыру жастардың көзімен» тақырыбында Целиноград ауданына қарасты мектеп клубтары арасында пікір-сайыс өтті.

16.12.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Рухани жаңғыру жастардың көзімен» тақырыбында Целиноград ауданына қарасты мектеп клубтары арасында пікір-сайыс өтті. Пікір-сайысқа мектебіміздің атынан екі команда қатысты. Олар «Жалын» дебат клубының мүшелері, 9-сынып оқушылары – Жоламан Еркебұлан мен Жақсылық Дильназдың «ЖасҰлан» командасы және 10-сынып оқушылары Каналбеков Қуаныш пен Азербай Аминаның «Жалын» командасы болды. Пікір-сайыс өте қызықты және тартысқа тола болды. Оқушылар тәуелсіз елдің еркін ойлы азаматтары екенін көрсетіп, ойларын жан-жақты, мағыналы жеткізе білді.
Сайыс қорытындысы бойынша Талапкер ауылының «Жалын» дебат командасы «Тәуелсіздікке 30 жыл» атты жеңімпаздар кубогына ие болды. Екінші орынды Тайтөбе ауылының «Болашақ» командасы иеленді. Үшінші орынды Нұресіл ауылының «Нұресіл» командасы мен Талапкер ауылының «ЖасҰлан» командасы иеленді. «Ең өзіне сенімді ойыншы» номинациясын «Жалын» командасының мүшесі Каналбеков Қуаныш иеленсе, «Үздік сарапшы» номинациясына «Болашақ» командасының ойыншысы Умарова Ұлжан ие болды.

Просмотров: 427


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст