08.12.2021
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Тұлғалар тағылымы және Тәуелсіздік» атты тарих апталығы өтуде. Апталық аясында тарих пәнінің мұғалімдері Рахимов Ермек пен Байманов Айбар Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музейге онлайн экскурсия ұйымдастырды. «Zoom» интернет платформасы арқылы өткен экскурсияға 10-11 сынып оқушылары қатысты. Ұлттық музей қызметкерлері Кемал Әнел Қайратқызы, Сағынбек Айзере Айдынқызы оқушыларды музейдегі құнды жәдігерлермен таныстырып, ел тарихынан сыр шертті. Экскурсия соңына қарай музей қызметкерлері мен оқушылар бір-бірлеріне сұрақтар қойып, жауаптар тыңдалды. Онлайн экскурсия өте қызықты, тарихы мәліметтерге толы болды. Ұлттық музей қызметкеріне шығармашылық табыс тілейміз.
«Қоғамдық пәндер» бірлестігі
Ұйымдар тізімі
