"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында кітапхананың оқу залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

30.11.2021

      Талапкер ауылы  жалпы орта білім беретін  мектеп кітапханасында     2021 жылдың «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында кітапхананың оқу залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.    

   Көрменің мақсаты: – халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, оқырмандарға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу, – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, оқырмандардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.

      Аталған акция аясында  «30 кітап Тәуелсіздіктің 30 жылдығына»   атауымен танымал қазақстандық   авторлардың  ,поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті жалпы оқырмандар үшін оқуға іріктелді, сондай-ақ Қазақстанның көрнекті жазушыларының шығармалары оқырмандар назарына ұсынылды: Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжимеденов, Дулат Исабеков, Әбіш Кекілбаев , Қалмақан Әбдіқадыров, Тұманбай Молдағалиев т.б.

    Балалар әдебиеті: Ыбырай Алтынсарин «Өнер –білім бар жұрттар»,Бердібек Соқпақпаев «Менің атым Қожа», Толымбек Абдырайым «Құс қанатында», Ыбырай Алтынсарин, Қасым Аманжолов өлеңдері. т.б

       Тәуелсіздігіміздің  нұры – Қазақстан жасай берсінІ

Просмотров: 655


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст