"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мектеп кітапханасында«Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында Ахмет Байтұрсынұлының 155 жылдығына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында 10 сынып оқырмандарымен кітапханалық сабақ 3 тілде өтті.

30.11.2021

      Талапкер ауылы  жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында«Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында  Ахмет Байтұрсынұлының 155 жылдығына орай  «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында 10 сынып оқырмандарымен  кітапханалық  сабақ  3 тілде  өтті.

 

Сабақтың мақсаты:  Ахмет  Байтұрсынұлының өмірі  мен шығармашылығы қазақ әліпбиіне, әдебиетіне салған үлестері туралы баяндау.

 Көрнекілік: кітап көрмесі, видио ролик.

            Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы.

       Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді.

      Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліп- биімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.

      Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі саласында емес, әдебиет тану саласында да айтарлықтай болды деп санаймыз.    

       Өткен ғасырдың II- жартысында- ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, 1923 ж. “Ер Сайын” жырын Москвада шығарады. 1926 ж. “23 жоқтау” атты жинағы жарық көреді. Бұл да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері.

       Ахмет  Байтұрсынұлының “Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі- әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы туралы әңгіме болды…

    Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік арналары, басты- басты терминдері мен категориялары түп- түгел осы кітапта қалыптастырылғаны туралы айтылды.

      Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы болғанын ортаға салдық.

        Ахмет Байтұрсынұлы –қазақ әліпбиінің алғашқы авторы. Ол «Тіл – құрал», «Оқу құралы», «Тіл жұмсар», «Баяншы» іспетті еңбектер мен түрлі хрестоматияларды жазған. Әдістемелік бұл құралдар әлі күнге дейін қазақ тілі білімі мен тіл оқыту әдістемесі саласындағы ғалымдардың қолданысына ие.

      Кітап оқырмандары Ахмет Байтұсынұлы туралы әдебиеттен оқып білгендерін ортаға салып , өз тараптарынан А.Байтурсыновтың өлеңдерің үш тілде оқып, түрлі пікірлермен алмасты.

   Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын
Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін,-
деген ақынның өлеңі бүгінгі жастарға арнап айтып кеткендей жаңғырып тұр.

Просмотров: 932


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст