"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Жалпыадамзаттық құндылықтар бақытты өмір кепілі

24.11.2021

Целиноград ауданы Талапкер ауылы жалпы орта мектебінде 2021 жылдың 22 қараша күні бастауыш сынып, орта, жоғарғы буын оқушылары мен педагогтердің қатысуымен адамның рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдары мен қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға арналған шаралар өтті.Мақсаты: Адамның рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға сонымен қатар құндылық бағдарын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамыту.
"Сүйіспеншілік - адамның басты қасиеті, ақиқат - оның негізі, дұрыс әрекет - оның шынайы өмірі" тақырыбындағы шаттық шеңбері мен сынып сағатында оқушылар жақсы қасиет адам бойындағы ең асыл құндылық екенін тілге тиек етті.Орта буын оқушыларымен "Жүрек жылуы, "Жүректен жүрекке" эссе жазу жалпыадамзаттық құндылықтар тақырыбында өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Просмотров: 533


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст