"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

ІІІ республикалық "Ділмар" шешендік өнер байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

11.11.2021

Бүгін, яғни қарашаның 11-і күні Ақмола облысы жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында «Ділмар» ІІІ республикалық шешендік өнер байқауының облыстық кезеңі өтті. 
Байқау мақсаты: оқушыларды кітап оқуға, жан-жақты ізденуге, әсіресе, би-шешендердің, ақын-жаыраулардың шығармашылығын оқып, одан терең ғибрат алып, өмірде қолдануға бағыттау.
Сайысқа облыстан 15 оқушы  қатысып, бақ сынады. Целиноград ауданынан Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Ибрагимов Бауыржан қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байсеркеева Ж.Т. Бауыржанның болашағына сәттілік тілеп, биік жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.

Просмотров: 461


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст