"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Қазақстан – менің Отаным" тақырыбында суреттер көрмесі өтті.

08.11.2021

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде қараша айының  1 күні  3-4 сыныптар арасында "Қазақстан – менің Отаным"  тақырыбында суреттер көрмесі өтті.

 

Тақырыбы: Қазақстан –менің Отаным
Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға, ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алуға тәрбиелеу.Оқушыларды еске түсіру, бейнелі ойлау арқылы сурет салуға үйрету. Заттың, нәрсенің формасын, түсін,көлемін таба білугебейімдеу.Танымдық белсенділігін арттыру, ойлау әрекетін дамыту.

Жұмыстың барысы:Оқушылар сурет салуды қуанышпен қабылдап, іске ерекше көңілмен кірісті. Өз туған жерлеріне және Қазақстанға деген сүйіспеншіліктерін қағаз бетіне түсірді.

Отанымызды,елімізді,жерімізді,заңымызды,рәміздерімізді құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық.Туған жер деген киелі ұғымды құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық.«Ел ерімен мақтанар,жер кенімен мақтанар» деген,елімізді қорғар ер-азаматтар,асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздарымыз молая берсін.Елімізде мәңгі тыныштық,бейбітшілік болсын! –дей отырып Қазақстан туралы суреттерді және туған жер туралы суреттерді ұсынамыз!

Просмотров: 731


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст