"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

25.10.2021 күні Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Абай клубы жоспары және А.Байтұрсынұлы шығармашылығына арналған онкүндік аясында "Абай мен Ахмет әлемі" атты дөңгелек үстел болып өтті.

26.10.2021

25.10.2021 күні  Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Абай клубы жоспары және А.Байтұрсынұлы шығармашылығына арналған онкүндік аясында "Абай мен Ахмет әлемі" атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел мақсаты: ұлы дала даналары А. Құнанбаев пен А.Байтұрсынұлының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, екі тұлғаның үндестігі жайлы сыр шерту. Екі тұлғаға байланысты тың мәліметтермен бөлісу, пікір алмасу. Дөңгелек үстелге 10- сынып оқушылары қатысты. Ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, "Абай" клубының жетекшісі Байсеркеева Жансая Төлеуханқызы. Дөңгелек үстелде "Венн диаграммасы" басшылыққа алынды. А.Құнанбайұлы жайлы тың мәліметтермен 10 "Б" сынып оқушылары таныстырды. А.Байтұрсынұлының ерекшелігін даралайтын ақпараттармен 10 "А" сынып бөліссе, Абай мен Ахметтің үндестігін жайлы 10"Ә" сыныбы сыр шертті. Бұл дөңгелек үстел жиі айтылмай жүрген ақпараттарымен құнды болды. Медицина баяу дамыған заманда Абайдың оба ауруымен күресі жайлы, Ахмет пен Абайдың туыстығы, А.Байтұрсынұлының асырап алған балалары жайлы қызықты мәліметтер тыңдаушыларды тамсандыра түсті. Іс- шара Абай әнімен әрленіп, күмбірлеген күйімен көмкерілді. Дөңгелек үстел соңында оқушылар бүгінгі тақырып жайлы пікір алмасып, "Миллион кімге бұйырады?" ойынымен қорытындыланды. Дөңгелек үстел соңында мектеп директоры Абеева С.Х. сөз алып, жан- жақты дайындалған оқушыларға ризашылығын білдіріп, болашақтарына үлкен жеңістер тіледі.

Просмотров: 539


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст