"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ерекше тәрбие сағаты "Қаламгер"

19.10.2021

Бүгінгі тәрбие сағатымыз басқа күндерге қарағанда ерекше өтті. Себебі бүгінгі сабағымызда балалардың ой қиялына  ерік бере отыры өз ойларын қағаз бетіне өлең шумақтары арқылы жеткізу керек болды.

Сабағымызды бастамас бұрын  оқушыларға өлең туралы мағлұмат беріп, өлең құрылысы, шумақ, тармақ, бунақ, буын саны жайлы түсінік қалыптастыру;

Оқушылар бойындағы қабілеттерін ашып көрсетуге жағдай туғызып, олардың қиялын ұштап, өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру;
Оқушылар бойына Қ. МырзаӘли мен Ф. Оңғарсынова өлеңдерінен мысалдар келтіру арқылы адамгершілік, адалдық, еңбексүйгіштік, туғанжерді аялау, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру;

Өлең – белгілі бір тақырыпқа арналған, 10 - 15 шумақтан аспайтын, ырғағы мен ұйқасы бар шағын поэтикалық шығарма.
Жалпыкез - келген шығармада ең алдымен тақырып болады. Шығарманың иесі сан - алуан ойларының ішінен біреуін ғана негізгі ойының қазығы етеді. Сол ой шығарманың тақырыбы болып табылады. Тақырып әртүрлі болады. Мысалы, туған жер, Отан, табиғат, махаббат, т. б. болуы мүмкін.
Өлең - көптеген компоненттерден құралатын бір тұтас шығарма. Сол көптеген бөлшектердің бірі – шумақ.
Шумақ – кемінде төрт жолдан (кей жағдайда екі немесе алты) құралып, аяқталған синтаксистік бір тұтас ойды білдіретін өлең бөлшегі.

Ұйқас түрлері
Қара өлең ұйқасы Шұбыртпалы ұйқас Кезекті ұйқас
----------------------- а ------------------------ а --------------------- а
----------------------- а ------------------------ а --------------------- б
----------------------- б ------------------------ а --------------------- а
----------------------- а ------------------------ а --------------------- б
Шалыс ұйқас    Егіз ұйқас
---------------------- а ----------------------- а
---------------------- б ----------------------- а
---------------------- в ----------------------- б
---------------------- б ----------------------- б

Сабақтың соңында қол жеткізген жетістіктер тізбегі

Аукирова А.Т.

Просмотров: 700


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст