Текст
Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде қазан айының 11-күні 1- 4 сыныптар арасында «Бала және заң » атты тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру.
Сабақ барысында сұрақ-жауап арқылы оқушылар өз білімдерін көрсетті. Оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік берілді.Жұмбақтар қойылып талданды.Сабақ өз мақсатына жетті.