"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

08.10.2021

Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Алтын сақа» олимпиадасының І кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту және пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру. Тапсырма олимпиада басталуға 5 минут қалғанда Google test сілтемесін арқылы әр мектептің координаторларына жіберілді.Екі бөлімге берілетін жалпы уақыт - 60 минут, осы уақыт аралығында әр бөлімдегі тапсырмаларды орындау арқылы қатысушы 100 ұпай жинауы қажет. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Жалпы мектебімізден 20 оқушы аталған олимпиадаға қатысып, білімдерін ортаға салды. Мектептің 6-сынып оқушылары сұраныс беру барысында өзі туралы нақты ақпаратты толықтолтырып,математика пәні бойынша Google формада берілген тестті орындады.

Олимпиада қорытындысы 3 жұмыс күні ішінде өңірлік «Дарын» ӨҒПО жауапты маманына жіберіледі.

         Оқушыларға сәттілік тілейміз!

Просмотров: 540


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст