"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Ыбырай салған сара жол» тақырыбында ұйымдастырылған суреттер көрмесі

30.09.2021

       Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде  қыркүйек айының 29-ында «Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына» орай    1-2 сынып оқушылары арасында  «Ыбырай салған сара жол»  тақырыбында  Ыбырай Алтынсариннің шығармаларының  мазмұны желісінде салынған суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты:    Оқушыларды Ыбырай әңгімелеріндегі кейіпкерлердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу.

 Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту болды.

Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы – еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасалды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар.Мысалы Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Бай баласы мен жарлы баласы, Қыпшақ Сейтқұл, т.б. Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай  шығармалары бар. Мысалы Асыл шөп, Бақша ағаштары, Таза бұлақ т.б. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді. Оқушылар Ы.Алтынсариннің бірнеше әңгімелерін суретпен жеткізе білген.

Просмотров: 558


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст