"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ АҒАРТУШЫ, ҰСТАЗ - ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН-180 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.

29.09.2021

      Талапкер ауылы  жалпы орта білім беретін  мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «ҰЛТ  МАҚТАНЫШЫ  АҒАРТУШЫ, ҰСТАЗ - ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН-180 жылдығына   арналған көрме  ұйымдастырылды.

 

     Көрменің мақсаты: белгілі қазақ жазушысы және ағартушысының шығармашылығымен оқырмандарды кеңінен таныстыру

    Ұлт  мақтанышы , ағартушы,ұстаз - Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.  

     Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді...

 Ыбырай Алтынсариннің көрмеге қойылған повестері мен әңгімелері, ертегілері мен өлеңдері, шығармашылығы мен педагогикалық қызметі туралы тартымды  ақпараттар оқырман көңіліне ұсынылды.

     «Кел, балалар оқылық», «Таза бұлақ» «Өнер-білім бар жұрттар», «Ыбырай Алтынсарин Шәкәрім Құдайбердіұлы», Ә.Сыдықовтың «Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық пікірлері және ағартушылық қызметі»,  көптеген әдебиеттер ұлы ағартушы туралы кітаптар ұсынылды.

Әсіресе «Кел балалар оқылық»  бұл жинақта,  халқымыздың аса көрнекті ағартушысы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің әңгіме, өлеңдері мен этнографиялық очерктері топтастырылған.

     Жаңашыл педагогтің жастарды білім алуға, өнерге, ғылым жолына түсуге үндеген ой-тұжырымдары  бүгінгі оқырмандары үшін де өзекті екені анық.

Просмотров: 612


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст