"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында Дәстүр мен ғұрып жобасы аясында «Қандай көркем –туған өлкем» тақырыбында Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

29.09.2021

Талапкер ауылы  жалпы орта білім беретін  мектеп кітапханасында Дәстүр мен ғұрып жобасы аясында  «Қандай көркем –туған өлкем»  тақырыбында  Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығына орай  кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Мақсаты: Туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу ; өз өлкелері туралы білімдерін жүйелеу және байыту; ойлау және сөйлеу белсенділігін арттыру. Өз мекеніне, туған өлкесіне деген көркемділігін түсіндіріп, оқырмандарға жеткізу.

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу,неткен көркем,

Осы менің туған өлкем!

 

 Көрме  2-3 сыныптар оқушылардың қатысуымен  таныстырылды

   Бұл көрмеге қойылған кітаптар арқылы  Қазақстанның табиғаты көркем, жанға жайлы  әсем жерлерімен таныстырылды.

      Осылардың ішінде ең көрікті жер саналатын  Ақмола облысының аумағындағы  «Бурабай» мемлекеттік ұлттық саябағы. Бурабайдың тау- тасы да, көліде(Оқжетпес, Жеке батыр, Жұмбақтас), жазық даласы да ертегілер мен аңыздарға толы.

    Көкше жеріндегі Бурабайдың тамаша табиғаты, қарағайлы орманы, балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай, табиғатының шипалы қуаты  жақсы демалуға, денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудыратыны айтылды

    Сонымен қатар ақындардың жырына арқау болған, сұлу табиғатымен  тартымды Қорғалжын қорығы, Ерейментаудың тасты шоқылары мен таулы адырлары туралы айтылды.

   Осы көрмеден оқушылардың түйгені өз өлкеміз Ақмола облысындағы  емдік қасиеті мол, көрген көзді таң қалдыратын сұлулықтың мекені,таза ауа, самал жел,көркем табиғатты көру, демалу үшін шет ел аралаудың қажеті жоқ.  Бәріде  өзімізде екенін оқушыларға жеткізілді.

    Өз жеріміздің, туған өлкеміздің туған ауылымыздың  қандай да  көркем екені айтылып,  көрмеге қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

 

 

 

        Кітапханашылар:

Просмотров: 546


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст