"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Тәуелсіздік Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлісі» тақырыбында дөңгелек үстел

28.09.2021

Бүгін 28-қыркүйек күні Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушылары арасында "Тәуелсіздік Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Еліміз өзінің шешімдерімен және белсенді қызметімен жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке орасан зор үлес қосуда десек, артық айтқандық емес. Осындай саясаттың нәтижесінде әлемдік қоғамдастық Қазақстанды сенімді саяси әріптес ретінде мойындап отыр.

Дөңгелек үстел барысында оқушылар Тәуелсіздік жетістіктері мен халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі жайлы жан-жақты мәліметтер бере отырып, жақсы пікірталас ұйымдастырды. Сабақ кезінде Азербай Жасмин, Өмірзақова Ақерке, Абдулла Нұрхан, Кусаинова Айнұр презентациямен баяндама жасады. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, дөңгелек үстел тартымды өтті.

Тарих бірлестігі

Просмотров: 464


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст