"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Адалдық пен әділдікті ту еткен Мәлік Ғабдуллин» атты "Адалдық сағаты"

23.09.2021

Қыркүйектің 23і күні Талапкер ауылының ЖОББ мектебінде «Адалдық пен әділдікті ту еткен Мәлік Ғабдуллин» атты "Адалдық сағаты" өтті"Адалдық сағаты" қазақ руханиятында терең із қалдырған, қаһармандық, батырлық әрекетімен, ғылыми ізденістермен, ұстаздық жіне қаламгерлік қабілет-дарынымен, жан дүниесіннің кіршіксіз мөлдір тазалығымен өзгешелетін тарихи тұлға - Кеңес Одағының Батыры, ғалым, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллинге арналды. Мақсаты: ұлы тұлға ойшылдың  еңбектері арқылы өскелең ұрпақтың бойына әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарын сіңіру. 
Қазақ кеңес ғалым-педагогы жас ұрпақтың тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Мәлік Ғабдуллиннің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» еңбегі - өскелең ұрпақты патриотизм мен батылдыққа тәрбиелеуде өз мәнін жоғалтпаған құнды еңбек. Бұл кітапта халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік функциялары ашылады.
Мәлік Ғабдуллин ұлтын сүйген ұлы тұлға ғана емес, өмірлік ұстанымы да  ерекше жан болатын. Ол өз халқын, өз ұлтын сүйгенін ешқашан жасырған емес. Ұлы Отан соғысында Мәлік батырдың өзі мен жолдастары бастан кешкен соғыс өмірі  туралы жазбаларында ол өзі көрген өмірдің қызықты да қалтарысты сырын, батырлық пен қорқақтық, төзім мен намыс, достық пен қастандық туралы толғанады.

Просмотров: 535


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст