Талапкер ауылының ЖОББМ оқушылары арасында электр жарақаттарының алдын алу бойынша тәрбие сағаттары өткізілді. Электр жарақаттарының алдын алу бойыншажұмыстар ұйымдастыру, жалпы мектепте, үйде электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру, электр құралдарын комьпютерлік желілерді, электрмен жабдықтау жүйелерін пайдалануды үйрету және сақтану.
Балаларға ескерту.Оқушылар электр оғының сымдарын, тұрмыстық техниканың өз бетінше жөндеугі болмайтынын, розеткаға шаш қыстырғыштарды,сымдарды,үшкір темірлерді,қалам-қарындаш ұштарын тығуға болмайтынын,тоқты сөндіру және қосу кезінде қолдарыңыз құрғақ болуы тиіс екенін,телефонды қуаттайтын шнурларды қосулы күйінде тастап кетуге болмайтынын,себебі кішкентай балалар ауыздарына салып тоққа түсуі мүмкін екенін айтып өтті.
Қатаң тиым салынады! 1)Әуе желісінің және қосалқы стансалардың жанында жасырынбақ, доп ойнауға болмайтынын, әуе желісінің сымдарына зат лақтыруға, астына от жағуға, батпырауық ұшыруға болмайтынын,әуе желісінің бағандарына көтерілуге,саты және басқа да заттарды тіреп қоюға болмайтынын, қосалқы стансалардың қоршауынан өтуге,төбесіне шығуға, трансформаторлардың есіктерін ашуға болмайтынын қатаң тиым салынытынын оқушылар атап өтті.