"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы.

21.09.2021

«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Спорттың адам өміріне көп пайдасы тиетіні  сөзсіз. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты. Соның бірі футбол ойнау.  Жас футболшылар қатарын дамыту.Оның ішінде ауыл жастарына қолайлы жағдай жасау. Бүгінгі таңда «Spartans» балалар футбол клубында ойнайтын шабулшы Талапкер ауылының ЖОББМ-тің 6 «В» сынып оқушысы Бозбай Тәңірберген осы клубтың белсенді мүшесі. Ол «Spartans» командасында оң жақ шабуылшы болып, 2 жылға жуық ойнайды. Командамен бірлесіп жеткен жетістіктері де аз емес, айта кететін болсақ,«Spartans» 1орын,2020ж.«AULA LIGASY» шағын футбол жарысы «Сарыарқа» ауданы кубогы 1 орын, Нұр-Сұлтан қаласы 2021ж.Халықаралық Олимпиада күніне арнайы ұйымдастырылған 12 жасқа дейінгі балалар арасында ашық турнирдан 2 орын,Целиноград ауданы 2021ж.Балалар күніне арналған «DREAM CUP» турнирінен 1орын.Жазғы кубок «АFL JUNIOP» 3 орын.Нұр-Сұлтан қаласы 2021ж. 
   Бұл жетістіктерге жету Тәңірбергеннің бапкері Мейрамбай Ерболдың жүйелі жұмысының нәтижесі және де баланың бойындағы табандылық, жоғары спорттық шеберлік, қажымас қайраттың пен алға деген ұмтылыс. Тәңірбергенге одан әрі табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

Просмотров: 740


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст