2021-2022 оқу жылы Талапкер ауылының жалпы білім беретін орта мектебі Целиноград АПБ ЖПҚБ ЮПИ полиция қызметкерлерінің қатысуымен мектеп 8-11 сынып оқушыларының
кездесу өткені туралы ақпарат
Талапкер ауылының жалпы білім беретін орта мектебі КММ
қыркүйектің 13-күні мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Целиноград АПБ ЖПҚБ ЮПИ полиция капитаны Булегенов Асхат Бахитұлы және учаскелік полиция инспекторы Целиноград аудандық полиция бөлімінен полиция майоры Ауғамбаев Роллан Қасқарбекұлының қатысуымен 8-11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу, «жол қауіпсіздігі», «авто-және мото-көлікті пайдалану ережелері», «жат қылықтардан аулақ болу»,»темекі шегу»,»нашақорлық», «уытқұмарлық және маскүнемдік», «ерте жүктілік», «акімшілік жауапкершілік», «қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауы»,» кәмелетке толмаған оқушыларды есепке қою» туралы әңгіме жүргізді. Шара барысында оқушыларға түнгі уақыттағы көшеде жүру заңмен тиым салынғаны жайлы, оқушылардың денсаулыққа зиянды заттармен пайдаланбау жайлы, ұрлық , ақша бопсалау ісі және де жоғарыдағы аты қылмыстардың заң алдындағы жауапкершілігі жайлы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.