"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде "Тіл - татулық тірегі" атты онкүндік аясында "Латын қарпі - өркениет жазуы" атты дәріс сабақ өтті.

14.09.2021

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде "Тіл - татулық тірегі" атты онкүндік аясында "Латын қарпі - өркениет жазуы" атты дәріс сабақ өтті. Сабақ мақсаты: Оқушыларға қазақ әліпбиінің тарихы туралы түсінік беріп,
латын қарпіне оралудың тиімді жақтарын түсіндіру, жаңа әліпбимен таныстыру. Сабақ барысында латын графикасына негізделген қазақ жазуы жайлы жан-жақты ақпарат берілді. Қазақ жазуының тарихынан сыр шертілді. Бүгінгі таңдағы латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі таныстырылды. Диакритикалық таңбалармен берілген әріптерге де ерекше назар аударылды. Әліпбимен танысқан балалар өз аты-жөндерін, мақал-мәтелдерді латын графикасымен қызыға жазып шықты. 7 "Ә" сыныбы. Жауапты мұғалімдер қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Кайкенова А.А. Байсеркеева Ж.Т.

Просмотров: 696


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст