Текст
Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде қыркүйектің 13-ші күні "Отбасы күніне орай 1 - 4 сыныптар арасында "Отбасы - бақыт мекенім", 5 - 8 сыныпрада "Отбасы - өмір аясы", 9 - 11 сыныптар арасында "Отбасы - адам тұлғасының бесігі" тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты:«Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.