Текст
Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9 «Б» сынып оқушыларымен «Тілдер мерекесіне» орай орыс тілі мен әдебиеті пәнінен «Ақылдылар шайқасы» атты көшбасшылық сайыс-ойыны өткізілді. Мақсаты: оқушылардың білім деңгейлерін тексеру, тілді біліп, құрметтеуге баулу. Ойын барысында оқушылардың көшбасшылық қасиеттері мен әртістік қабілеттерін байқау мақсатында көптеген қызықты жарыстар ұйымдастырылды. Оқушылар қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісіп мақсатқа жетті.
Орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Манабаева Г.А.