"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Қазақстан тілдер мерекесіне орай «The importance of learning language»тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел

09.09.2021

Қазақстан тілдер мерекесіне орай «The importance of learning language»тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел

Рухани байлығымыз тіл арқылы жасалады. Кез келген халықтың тілі сол халықтың ұлттық ерекшелігін танытатын қойма тәріздес. Сол қойманы ашып, қазынасын танып білу – бізге мұрат. Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты жүзеге асырылуда. Әрбір адам өз туған халқының, өзі өмір сүретін елдің тілін білу қажеттігі – ертеден келе жатқан қағида. Алайда, жаһандану қалыптасқан осы қағидаға түзетулер енгізуде. Қазіргі кезде халықаралық қатынас тілін білу қажеттігі туындап отыр. Бұл біздің жастарымыз үшін аса қажет.

Мемлекет басшысы: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Және оған қамқорлық та сондай дәрежеде болады» деп сендірді. Орыс және ағылшын тілдерін оқып үйрену білімнің, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түсетін, экономикалық мүмкіншіліктерімізді арттыратын бірден-бір тетігі дей келе, жаһандануға бейімделуді, замана көшінен қалмай, осы үш тілдің үйлесіміне қол жеткізу арқылы тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді, салт-ғұрпымызды сақтап қала аламыз, – деді.

 Бірақ «Үш тұғырлы тіл» мәселесін дұрыс түсінбей жүргендер де бар. Алдымен ақты ақ, қараны қара деп, мәселені жеке-жеке бөліп, мемлекеттік тілге ешқандай зиянын тигізбейтінін насихаттау мәселесі жетіспей отыр. Үш тұғырлы тіл, негізінде, қазақ жеріндегі қазақ тілінің соңында қалған орыс пен ағылшын тілін қоса пайдалану болып табылады.

Просмотров: 468


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст