"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы

08.09.2021

  Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
 Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады. Осы акцияға Талапкер ауылының кәсіпкерлері мен ауыл азаматтары біздің ауылымыздағы мектепте оқитын оқушылардың мектепке қажетті кеңсе тауарлары мен мектеп портфельдерін алып берді. Сол акцияға атсалысқандар:   Көмек қоры Насыров Канат, Сабитова Гулнар, Хайрулина Рушания, Салахов Григорий, Галия Мажитовна бастаған Сейфуллина көшесі, Жұрқабекова Роза, Хасенова Жанар Наухановна, "Адал" базары Байгулонов Марат.  Осы азаматтарға мектеп әкімшілігінің атынан алғыс айтамыз.

Просмотров: 563


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст