"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Тіл ұлттың тамыры, сыйынатын тәңірі» Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай онкүндігінің ашылу салтанаты

08.09.2021

«Тіл ұлттың тамыры, сыйынатын тәңірі»

 Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай онкүндігінің  ашылу салтанаты

(07-17.9.2021ж )

Мақсаты: Оқушыларға ана тілінің қадір - қасиетін ұғындыру, елін - жерін сүйетін, егеменді еліміздің ертеңі болар саналы, білімді, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
   Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.
   Тіл мәселесі – қашан да өткір, өзекті мәселе. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран етіп, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.

Қалды артта қиямет азапты күн,
Қазақстан – Отаным азат бүгін
Қасиетті тілімнен мың айналам
Сақтап келген қазақтың қазақтығын.
Жаяйыншы, Жаратқан, сырымды алға,
Бәрін алсаң өзің біл, тілімді алма.
Тілім барда елім бар еркелеткен
Мен де бармын санатта тілім барда.
-Тіл - халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі.          Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және бастауыш сынып бірлестіктері онкүндікте өтетін іс- шаралардың жоспарларымен таныстырып өтті. Оқушылар ән айтып,үш тілде өлең шумақтар оқыды.

Просмотров: 509


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст