Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын құру туралы хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ
Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын құру туралы хабарлайды.
Мектептің дамуына, материалдық-техникалық базасын нығайтуға, балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайларын жақсартуға үлес қосуға дайын азаматтарды Қамқоршылық кеңесінің жұмысына қатысуға шақырамыз.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
-
Жоғары немесе орта арнаулы (техникалық және кәсіптік) білімінің болуы (мамандығына шектеу қойылмайды);
-
Соттылығының болмауы (тиісті анықтамамен расталуы тиіс).
Қажетті құжаттар:
-
Мектеп директорының атына жазылған өтініш;
-
Жеке куәліктің көшірмесі;
-
Білімі туралы дипломның көшірмесі;
-
Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Мектебіміздің дамуына үлес қосқысы келетін барлық азаматтарды Қамқоршылық кеңесінің жұмысына қатысуға шақырамыз!
«Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ әкімшілігі.