"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

31-мамыр Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне ұйымдастырылған іс-шаралар

02.06.2021

«Қасіретті жылдар жаңғырығы » тақырыбында 7-8 сыныптар

танымдық сабақ ақпараты

 

29-ші мамыр күні,  «Қасіретті жылдар жаңғырығы » тақырыбында 7-8 сыныптар арасында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде  ашық аспан аясында, тарих пәні мұғалімдері  Байманов А. А, Рахимов Е. Т, және Сейіткәрімова А. Т.  танымдық сабақ өткізді.

  31 мамыр – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Мұражай кешенінде «Сталиндік вагон», «Қасірет қақпасы» монументі, «Түңілу мен әлсіздік» және «Күрес пен үміт» мүсіндік композицияcы, тікенек сымды лагерь қоршауы мен күзет мұ­на­расы, «Көз жасы» стелласы, Зерде қабырғасы, тұтқын әйелдер тұрған барак пен «АЛЖИР» тұтқындарын балала­ры­нан айыру» диорамасы, «Алаш» бағы, Ескерткіш белгілері мен мұражай ғима­ра­ты бар. «Алаш» залының экспозициялары Қазақстанның патшалық Ресейдің құ­ра­мы­на қосылған кезден бастап кеңес­­тік кезеңді, 1937 жылдың жап­пай қуғын-сүргінін бейнелесе, «АЛЖИР тұт­қын­дары» деп аталатын экспо­зиция­лық көрме залы «Отанын сатқандар» әйел­де­рінің ақмолалық лагерінің тарихына, кінәсіз тұтқында отырған әйелдерге арна­лады. Мұнда олардың өмірі туралы материалдар орналастырылған. Отбасылық фотосуреттер, жеке заттары, «АЛЖИР» лагерінің тұтқындары қолдарымен жасаған заттар қойылған. Ана­лардың қолымен жасалған бұл бұ­йым­дарда үзілмеген үміт, сөнбеген рух тұнып тұрғандай.

Просмотров: 504


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст