Биылғы 2020-2021 оқу жылында сәуір -мамыр айларында игі істер эстафетасы өткізілді . Бұл іс - шара басты мақсаты : жетім және ата -анасынын қамқорлығынсыз қалған көпбалалы , аз қамтылған отбасыларына қолдау көрсету. Осы бағытта атқарылып жатқан игілікті жұмыстар көңіл қуантарлық дәрежеде. Талапкер ауылының мектебі де қарап қалған жоқ . Жоспар негізінде ,, Дәстүрлердің жанды тізбегі,, атты рамазан айында игі истер эстафетасын ұйымдастырды . Мектептің әлеуметтік педагогі мен ауыл белсенділері бірігіп әлеуметтік қорғалмаған үйлерін аралап , отбасылар туралы деректер жинап көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына азық түлікпен көмек көрсетті . Сонымен қатар мектебіміздің ,,Сарбаздар клубының ,, оқушылары Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлерінің үйлерін аралап көмек беру челленджін ұйымдастырылды. Оқушылар ардагерлердің аулаларын тазалап , көше бойына ағаш отырғызып берді. Осы қамқорлық көрсету ісі әлі де жалғасын табуда .