"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылы мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасының жоспарына сәйкес Кітапхана рухани құндылық бейне-саяхат ұйымдастырылды

13.05.2021

           Талапкер ауылы мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасының жоспарына сәйкес  Кітапхана рухани құндылық  бейне-саяхат ұйымдастырылды

 Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталған мақаласының халыққа жеткеніне екі жылдан асты. Бұл мақала мазмұны терең, ауқымы кең, ұлт руханиятын ғасырлар биігіне көтеретін бағдарлама болды.

    Елбасының мақсаты – ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, қазақтың ежелгі «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» қағидасын мықтап ұстануға шақыру, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сақтау, адамды сүю, құрметтеу, дәстүрді сыйлау, жаңғырту, қазақтың жайсаң мінезін, мәрттігін, тектілігін, мейірімділігін қалыптастыру және осы құндылықтарды сақтау, дамыту.

   Жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын атады. «Рухани жаңғыру – жастардың болашаққа бастар жолы» атты әдеби-ақпараттық шолу, «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты көрме-диалог, «Кітапхана – мәдени мұраның сақталуы мен жаңғыру алаңы» атты  пікірлесу алаңы, «Жастар кітап оқуды таңдайды» атты жаңа кітаптарға тұсау кесерлер және т.б. іс-шаралар өткізу арқылы жаңа әдебиеттер мен мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар насихатталынып, оқырмандар кітапханаға тартылуда.

     Парасат ордасы, кітапханалар – рухани мекен! Ал, рухани жаңғыру дәл осы жерден, кеудеңді рухани байлыққа толтырудан бастау алуы керек!

Просмотров: 647


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст