Текст
Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Отбасы-ұлт рухының айнасы» тақырыбында 9 «В» сыныбында тәрбие сағаты өткізілді. Негізгі мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қарым - қатынасты қалыптастыру. Сабақ барысында бейнебаян көрсетіліп, оқушылардың ой-пікірлері тыңдалды. Отбасы құндылықтарын сақтауды, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуді оқушы санасына сіңіру біздің парызымыз деп білеміз. Отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.