Текст
Талапкер ауылы жалпы білім беретін орта мектебі 9-мамыр Жеңіс күні қарсаңында "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы бойынша мектебіміздің " Сарбаздар" әскери-патриоттық клубының мүшелері ауылымыздың ең жасы үлкен 90 жастан асқан әжеміз, тыл еңбеккері, Целиноград ауданының құрметті азаматшасы, 14 бала батыр анасы Жолдаспаева Үміт әжеміздің үйіне барып, қолғабыстарын тигізіп,батасын алып, Ұлы Отан соғыс жылдарындағы ел басына төнген қиын-қыстау кезеңдер, тылдағы қалған әйелдер мен балалар еңбегі туралы өткен күннен сыр шертті. Үміт әжеміз-аңыз адам.Хабар арнасы түсірілген "Тайны. Судьбы. Имена" атты түсірілімінде Роза Бағлановның анасының рөлін сомдады. "Ешкімде,ештеңе де ұмытылмайды"ардагерлеріміздің ерлігі біз үшін ұмытылмақ емес