"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

1-2 сынып оқушылары арасында "Жігіт сұлтаны " байқауы өтті

06.05.2021
Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде "Отан қорғаушылар" күніне орай 1-2 сынып оқушылары арасында "Жігіт сұлтаны " байқауы өтті.Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан , халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу. Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу. Байқаудың кезеңдері: 1. Таныстырсам тегімді» (міндетті түрде өзін-өзі таныстыру презентациясы)
2. «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес» (өз өнерін көрсету)
3. «Күш атасын танымас» (спорттық сайыс).
Байқауға  барлығы 15 оқушы қатысты. Қатысушылар өте белсенді қатысып, өздерін жан-жақты көрсете алды. Байқаудың жеңімпаздары: 1 "А" сынып оқушысы Асқар Мирас және 2 "Ғ" сынып оқушысы Рамазанов Рауан. Құтты болсын 💐
Просмотров: 526


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст