"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

1 мамыр –Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Өзге ұлт өкілдерінің көркемсөз сайысы» өтті.

30.04.2021

2020-2021 оқу жылы  Талапкер ауылының жалпы орта мектебінде

өткізілген  іс-шара бойынша

Ақпарат

сәуір айының 30-күні 1-4 сыныптар арасында  1 мамыр –Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай   «Өзге ұлт өкілдерінің көркемсөз сайысы» өтті.

Мақсаты: 

-Мемлекеттік тілді насихаттай отырып, өзге ұлт тәрбиеленушілерін мемлекеттік тілде жан - жақты тәрбие беру.
-Оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, шешендік өнерін, дамыту.
-Тіл мәдениетінде, достық қарым - қатынасқа ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа өз ұлтын сүюге, өзге ұлт мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
 

Іс-шараға мектебіміздегі  ұлт өкілдері қатысып, мына кезеңдер бойынша сайысқа түсті:

1.Таныстыру

2.Шешендік сайыс (Достық, татулық, ынтымақ тақырыбында мақал – мәтелдерді толықтыру)

3.Өнер көрсету (әр түрлі халықтардың биі немесе әні)

     Қатысушылар сайыс шартына орай әр түрлі халықтардың ұлттық киімдерімен келіп, өнерлерін ортаға салды. Өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде жатық сөйлеп, мемлекеттік тілді жақсы меңгергендіктерін көрсетті. Нәтижесінде барлық кезеңдерде өте жоғары деңгейде өнер көрсеткен 2 «Д» сынып оқушысы Пономарев Игорь қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге лайық деп танылды. 1 «А» сынып оқушысы Кубанычбеков Хантөре 1-ші орын, 1 «Е» сынып оқушысы Милюк Диас 2-ші орынға ие болды.

      Іс-шара тақырыбына орай «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты кітап көрмесі жасалды.

Жауапты мұғалімдер: Кожахметова А.М.

                                          Омарова А.С

                                         Темирболатова А

Просмотров: 590


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст