"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Үздік мұғалім - 2021» аудандық байқауының нәтижесі

28.04.2021

Тәуелсіз елдің болашағы – тәрбиелі де білімді ұрпақ. Сол ұрпақты қазіргі заманға лайықты, бәсекеге қабілетті бола алатын дәрежеге жеткізу, мықты білім мен тағылымды тәрбиемен сусындату – ұстаз алдындағы маңызды міндет.

Қазіргі ұстаз өткенге  сын көзбен қарап, бүгінгіні саралайтын, болашақты бағдарлайтын бағдаршам іспеттес десек, артық айтпас едік. Кезінде ұлт мақтанышы Ахмет Байтұрсынұлы «Ұстаз - мектептің жүрегі» деп баға берген еді. Осындай мектеп жүрегіне айналған ұстаздар біздің Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде де көптеп саналады.
Оған мысал жақында өткен «Жыл мұғалімі - 2021» байқауының өткізілуі еді. 

Мектебімізде осы байқауға 10 мұғалім бақ сынаса, осы сында жүзден жүйрік атанған 15 жылдық еңбек өтілі бар ұстазымыз, бастауыш сынып мұғалімі Малгаздарова Толқын Бекетовна болды. Толқын Бекетовна – өзінің еңбек жолында талай шәкірттерге сапалы білім беріп, өнегелі ұлағатымен ұрпақ тәрбиелеп жүрген айтулы ұстаздардың бірі. 

Өзінің шығармашылық ізденісін, педагогикалық ұстанымының өзектілігін нақтылай білген ұстаз аудандық деңгейдегі «Үздік мұғалім - 2021» байқауына жолдама алып, нәтижесінде жүлделі ІІ орынды иеленді.

Құттықтаймыз! Толқын Бекетқызына ғылыми-әдістемелік, жоғары шығармашылық, еңбегіңізге табыс тілейміз. Алар асуларыңыз көп болсын! 

 

Просмотров: 552


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст