"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау

28.04.2021
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығына сәйкес 2021-2022 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады.
Ата-аналарға порталдың «Білім» бөлімінен «Орта білім» бөліміне өту қажет. Ары қарай «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдап, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып өтініш беру жеткілікті.
📌 Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
✅ • Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
✅ • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
✅ • Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт), 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ • 3*4 2 фотосурет.
Просмотров: 811


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст