"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Парасат» әжелер клубы мүшелерінің және 8 сынып қыздарының қатысуымен «Қазақ халқының бұйымдарының тағу мәдениеті» тақырыбында тәлім сағат өтті.

16.04.2021

Апталық жоспар аясында ұлттық тәрбие, рухани қазына,  дәстүрді дәріптеуде мектебіміздің «Парасат» әжелер клубы мүшелерінің және 8 сынып қыздарының қатысуымен  «Қазақ халқының бұйымдарының тағу мәдениеті»  тақырыбында тәлім сағат өтті.
«Әшекейі жоқ әйел жапырағы жоқ ағашпен тең» демекші ертедегі қыз, келіншектер, апа әжелеріміз ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарын шашбауларын сылдырлатып, қолдарына жүзік сақиналарын тағып жүрген, қазірде қыз келіншектердің барлығы дерлік мойын қодарына әшекейлерін күнделікті өмірде тағып жүреді. Өз ұлттық киімізді, сәндік қолданбалы өнерімізлі, әшекей бұйымдарымызды күнделікті өмірде қолданып жүрсек, басқа ұлт өкілдері де қызығып, одан әрі қазақтың әшекей бұйымдарының таралуына, ұмыт болмауына оң әсерін тигізер еді деп, қашықтықтан 8 сынып қыздарына әжелер клубының  мүшелері Кульмагамбетова С.Т., Егентаева Ф.А. қатысып, халқымыздың салт-дәстүрінде, ырым-тиымында, тіпті, әшекей бұйымдарында да үлкен тәрбиелік мән бар екенін, ұлтымыз ұрпақ тәрбиесіне о бастан ерекше ден қойған. Жалпы нәзік жандар үшін әшекей бұйымдар ұлттық киімнің ажырамас бөлігі ретінде саналғандығына мән берілгенін айта, кеңестерін берді.
Өткізген: Аубакирова А.С

Просмотров: 510


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст