"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Жаман әдеттерден аулақ болайық» тақырыбында «Шаңырақ» отбасы клубы қашықтықтан дөңгелек үстел өткізді

15.04.2021

15 сәуір күні «Жаман әдеттерден аулақ болайық» тақырыбында «Шаңырақ» отбасы клуб мүшелері, жоғары сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ер балалар арасында қашықтықтан дөңгелек үстел өткізілді. Негізгі мақсаты: Балаларды үлкенге құрмет көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерте отырып, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру.Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру. Құқықтық сауатылықты қалыптастыру.
           Дөңгелек үстел барысында: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын сынып жетекшілері ескертіп өтті. Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндіру жұмыстары болды. Сонымен қатар құқықтық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында, жас өспірімдер арасында құқықбұзушылытың алдын алу жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, дөңгелек үстелдің жоспарға сай өтуіне     атсалысты. Қорытындылай келе әрбір адам таңдауға құқылы, және ол өз денсаулығы үшін, өз өмірі үшін өзі жауапты. Сондықтан қазірден бастап өмірдің шынайы қызығын көруге. Ол үшін салауатты өмір салтын сақтауға  міндетті. Оның негізгі компоненттерін: дұрыс дем алуға, дұрыс және рационды тамақтануға, қозғалу белсенділігіне, жақсы эмоцияларға, шынығуға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, жақсы әдеттерді бойға жинай білуге шақырамыз.

Просмотров: 556


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст