"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Ер азамат атына лайық бол!» тақырыбында 8-11 сынып ұлдары арасында әкелер клубының дәріс сабақ өткізді.

14.04.2021

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Ер азамат атына лайық бол!» тақырыбында 8-11 сынып ұлдары арасында әкелер клубының  кеңесі  апталық жоспарына сәйкес  ұлттық тәрбие , рухани қазына ,дәстүрді дәріптеуде  қашықтықтан дәріс сабақ өткізді. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Қазақ отбасында ер баланың өз орны бар. Мысалы, тұңғыш ұл – кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы бардың – жағасы бар» деп арқа сүйенген. Кенже ұл – шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау құрып жатса да кенже ұл әке-шешенің қолында қалады. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Осы аталған қадір-қасиеттерді бүгінгі ұландар бойына дарыта білсек, онда зерделі де зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да парасатты, елі-халқы сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық болмақ.Әрине, бір отырыс көлемінде мұндай қоғамдық маңызы зор тақырыптарды талқылап біту мүмкін емес, біздің мақсатымыз тек қана ой салу, ой қозғау, белгілі бір қорытынды шығару, деп сабаққа қатысып отырған әкелер кеңесінің төрағасы Ильясов Ғ.С., өз кеңестерін берді.

Просмотров: 1353


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст