Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, өлең поззиялық шығармашылығымен таныстыру. Ақын өлеңдерін мәңгілік жыр қазына екенін ұғындыра отырып , оқушылыарға өлеңді мәнерлеп нақышына келтіріп оқуға дағдыландыру.Отанға ,анаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілік: көрме, суреттер,слайд
Мақатаев Мұқағали (шын аты Мұқамедқали) Сүлейменұлы (1931-1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Балалық бал дәурені соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектептің мұғалімі болады.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін туындаған өнер деңгейіндегі ғана құбылыс емес. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті.