«Жас өлкетанушы» үйірмесі 7 сынып оқушыларына арналған. Бұл үйірме оқушыларымыздың биологиялық білімін бойына сіңдіру арқылы, табиғат заңдарын игертіп, алған білімдерін өмірлік тәжірибеде пайдаланып, оны жүзеге асыра білуге баулу. Келешекте оқушыларымыз мектеп білім ошақтарында терең білім алып, парасатты да тәрбиелі, алған білімін өмірде пайдалана біліп, дүниенің бір кірпіші болып қалана білсе, біздің мақсатымыздың орындалғаны. Үйірмеге биология ғылымына қызығушылығы бар, табиғатты тануға, тірі ағзаларды, флора мен фаунаны зерттеуге ынтасы бар оқушылар тартылады. Үйірменің оқу материалдарына қоршаған ортаның құрамдас бөліктері туралы қызықты ақпараттар, түрлі өсімдіктердің дәрілік қасиеттері туралы мәліметтер, тірі ағзалардың ғажайып қызметтері, туған жеріміздің флорасы мен фаунасы туралы және т.б. қосымша білім көздері кіріктірілген. Үйірме жетекшісі: Жанбек А.Т.