Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» «Биыл қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына- 180 (1845-1904) толуына орай абайтанушы , филилогия ғылымдарының кандиданты, профессор- Омар Жалелұлымен кездесу өтті.
Көрнекілік: Абайтанушы- Омар Жалелұлының – өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі .
Мақсаты: Омар Жалелұлы жастарды.оқырмандарды осы мұралар арқылы жас ұрпаққа жіліктей шағып, бүкпесіне дейін түсіндіріп , Абай арқылы ұят,сабыр, талапты бәрінен биік қоятын толық адам қалыптасуына ықпал етуге тәрбиелеу.
Омар Жалелұлы –Абай, Шәкәрім, Машһұр жүсіп секілдң қазақтың кемеңгер ойшылдарының мұрасын зерттеп, насихаттап жүрген ғалым.
Кездесуде оқырмандармен сұраққа жауап ретінде пікір алысып, ұлтымыздың болмысын Абай арқылы жеткізіп, оларды қазақи дүниетанымды әрқашан бірінші орынға қойып, «Мұсылман болам десең, алдымен қазақ бол» деген ұстанымды әр уақытта алға тарту керек екенін айтты.
Омар Жалелдің есімі көпшілікке «Харакет» деп аталатын кітабы арқылы жақсы таныс.
Автор Абайдың «Адам бол-мал тап»деген қағидасын басшылыққа алып,оқырманға жол сілтеді.