"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Үздік педагог" сайысы өткізілді

31.03.2021

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде жылдық жоспарға сай «Үздік педагог - 2021» байқауы өтті. 2021жылдың үздік мұғалімін анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқауға әр әдістемелік бірлестік атынан ұсынылған 10 мұғалім қатысып бақ сынады.Байқаудың негізгі мақсаты: Жаңа педагогикалық идеяларды оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асыратын, шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген ұстаздарды анықтау. Байқау тапсырмаларына сай қатысушылар«Өзін-өзі таныстыру», «Педагог портфолиосы», «Электрондық тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары», «Эссе», «Бейнероллик», «Қатысушының өз өнері» атты берілген тапсырмалардан жарысқа түсті. Байқауға үміткерлер белсене қатысып жүлдегерлер анықталды.Қазылардың шешіміне сай, 3 орынды математика пәнінің мұғалімі Бибакирова Р.Ш.,2 орынды ағылшын тілі пәні мұғалімі Алив Ж., 1 орынды  бастауыш сынып мұғалімі Малгаздарова Т.Б. жеңіп алды. 

Салтанатты іс-шараны мектеп директоры қорытындылап, қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады. Байқаудың барлық кезеңінен сүрінбей өтіп мектепішілік  «Үздік педагог-2021» атағын жеңіп алған  бастауыш сынып мұғалімі Малгаздарова Т.Б.аудандық кезеңге жолдама алды. Мектепішілік «Үздік педагог - 2021» байқауының жеңімпазы келесі аудандық кезеңде де шеберлігі мен біліктілігі танылып, жүлделі орын алуына тілектеспіз.

 

Просмотров: 552


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст