"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Тарихқа тағзым күні»

15.03.2021

 «Тарихқа тағзым күні».

15 наурыз Талапкер ауылының жалпы орта мектебінде 9-11 сыныптар арасында Тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болған әрі елге қызмет етідің озық үлгісін көрсеткен алаш қайраткерлерінің есімін ұлықтау сағаты өткізілді.

Желтоқсан оқиғасының 35 жыл толуына орай азаттықтың алғашқы қарлығаштары , тәуелсіздік боздақтары – Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі туралы тәрбие сағаттары өткізілді.

Балалардың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру, оларды ұлттық рухпен тәрбиелеу, сондай-ақ тарихын білуіне, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұлттық, тарихи, өлкетану, өнер музейлеріне қашықтықтан 6,7,8,10 сынып арасында вертуалды саяхат ұйымдастырылды. 1-сынып оқушылары мектеп мұражайына саяхат жасады.

Просмотров: 476


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст