"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Ұлттық тәрбиенің қайнар көзі - кітапхана" атты дөңгелек үстел өтті.

11.03.2021

          Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасының оқу залында «Оқуға құштар мектеп» жобасының жоспарына сәйкес Ұлттық  тәрбиенің қайнар көзі - кітапхана атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

 Мақсаты: Оқырмандарды ұлттық салт, әдет-ғұрпын үйренуге және сыйлап құрметтеуге шақыру; ата дәстүр салтын кез келген оқырманның ой өрістерін ұштау,ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілік: Видие-слайд, салт-дәстүр сұрақ ретінде жазылған көрнекілік қағаздар.

  Кітап – білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан оқырмандарды сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие беретін осы кітапхана.

Сондай тәрбиенің бірі өзіміздің қазақтың ұлттық салт дәстүлеріміз. Осы сабаққа қатысқан 11 сынып оқушылары салт дәстүрлерімізді(туғаннан бастап: шілдехана,бесік той, тұсау кесер, неке қидыру, сәлем салу, жасау,есік ашар, құдалық т.б) сараптап өз ойларын ортаға салып , пікір алысты.     

      Көптеген оқушылар белсене ат салысып, оқырмандарды таң қалдырып отырды. Олардың еңбегі еленіп мектеп атынан марапаттқа ие болды. Сөз соңында мектеп басшысы, тәрбие ісінің меңгерушілері келешек ұрпаққа :өз халықтарыңның тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, ұлттық салт-дәстүрлерімізді жалғастыратын  жанашыр ұрпақ тәрбиесін алға жетелейтін- келешек ұрпағымыздың болашағы  сендерсіңдер-  деп оларға үлкен үміт артты.

 Ұлттық тәрбиелік өнеріміз болашақ ұрпақтарға жалғасын  таба берсін!

Просмотров: 758


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст